Шаңғы спорты — қысқы дене тәрбиесінің асыл тәжі

Спорт барлық уақытта, бүкіл елдерде және халықаралық дәрежеде ерекше құрметтеледі және қазіргі кезде шаңғы спорты олардың белсенді бағыттарының біріне айналды.
Шаңғының пайда болуы ежелде, адамдар қыс мезгілінде аң аулауға және қар қалың жауған жерлерде жүруге пайдаланылуымен байланысты. Бірте-бірте шаңғы қысқы спорттың ең танымал түрлеріне айналды.
Шаңғы тебудің адам денсаулығына маңызы өте зор екендігін айта кеткен жөн: жаттығу кезінде тыныс алу жүйесінің өзгеруі және ауқымды күш жұмсау арқылы денедегі бұлшық еттердің ерекше қимыл-қозғалыста болуы. Сырғанау кезінде адам көптеген әрекеттерді үйренеді, мысалы: тепе-теңдік, шыдамдылық, ептілік және төзімділікке тәрбиелейді. Академия курсанттары осы спортқа қатты қызығушылық танытқаннан кейін ауа райының бұзылуына қарамастан жаттығуға дайын екендерін дәлелдеді.
Академияда шаңғы спортымен айналысуға жақсы көңіл бөлінген. Себебі осы қыс кезінде курсанттарды тәрбиелеудің негізгі бір керемет амалы шаңғы спорты болып табылады. Негізі шаңғы спорты адамның психикасы мен мінезінің дамуына пайдалы әсер етеді,ойлау мен өз бетінше шешім қабылдай білу қабілетін дамытады, қойылған мақсатқа жетуге және табандылыққа үйретеді, сондай-ақ өзіне деген сенімділікті оятады.Спорттың осы түрі жан сарайын қуанышқа бөлеп, адам көңіліне шаттық, ерекше демалыс сыйлайды. Осы дағдылардың барлығы болашақ құқық қорғаушы полиция қызметкерлеріне өте қажетті қасиеттер болып келеді. Сондықтан да академия курсанттары дене дайындығы кафедрасының оқытушыларымен бірге қыс мезгілі түскен сәттен бастап шаңғымен белсенді түрде айналыса бастайды.

ДШД кафедрасының оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Р.Кутымбаев