Шағын футболдан кезекті сайыс

Спорт күні Қостанай академиясының назарынан тыс қалмады. Аталмыш мерекеге орай және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналған шағын футболдан сайыс өтті.
Кезекті сайыста 3-курс курсанттары өзара бақ сынасып, жарыстың үздіктері анықталды.
«Барыс» пен «Арыстан» командасы 3-орын үшін сынға түсіп, 4-1 есебімен «Барыс» командасы жеңіске жетсе, 1-орын үшін «Арлан» мен «Сұңқар» командалары ойнап, 5-4 есебімен «Арлан» командасы үздік деп танылды.
Сайыс қорытындысы бойынша, шара соңында жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
Еске сала кетейік, 2003 жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2004 жылдан бастап, тамыз айының үшінші жексенбісі Қазақстанда Спорт күні ретінде аталып өтіледі.

ІСКБ инспекторы П.Жұмабек