ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Әкімшілік –жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екені сөзсіз.

Сондықтан 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда тұнғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.

Әр адам баласы өз тарихын білгені жөн. Тарихымыздан біздің болашағымыз құрылады. 208-топ курсанттары осы тарихи маңызы бар мәселені қызу талқылап, саяси қуғын-сүргінде қаза болған азаматтарды еске алды. Кураторлық сағат барысында курсанттар білмеген ақпаратты дайындалған баяндамадан оқып білді. Қаншалықты ауыр кезеңдерді бастан кешірген азаматтардың өмірін саралап, қазіргі заманның өмірімен салыстырып үлкен қорытынды шығарды.

208 кураторы
майор полиция
Арстанбаева Б.Б.