Футбол – жалпы адамның денсаулығын және рухын шынықтыратын әлемге әйгілі спорттық ойындардың бір түрі

Футбол – жалпы адамның денсаулығын және рухын шынықтыратын әлемге әйгілі спорттық ойындардың бір түрі. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса жақсы нәтиже бермейді. Фубол ойынында ең басты негізгі қағида ол – техника, тактика және ұйымшылдық болып табылады.
Жоғарыда атап өткен мақсаттарды негізге ала отырып, ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында профессорлық-оқытушылар құрамы мен алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары арасында шағын футболдан сайыс өтті.
Сайысқа қатысушы командалар сайыста өздерінің ұйымшылдықтары мен жақсы ойын нәтижелерін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды Академияның  профессорлық-оқытушылар құрамы иеленсе, ал екінші және үшінші орынды алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары өзара бөлісті.


Оқу саптық бөліністің
взвод командирі
полиция капитаны
А. Саламатова