Учаскелік полиция инспекторының қазіргі қызметі: мәселелері мен болашағы

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру перспективалары» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға ІІМ Беларусь Республикасы академиясы, ІІМ РФ Сібір заң институты, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілдері, сондай-ақ Қостанай қаласының учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру, юрисдикциялық өкілеттіктерді кеңейту, олардың қызметін бағалау өлшемшарттарын жетілдіру және оны одан әрі цифрландыру, сондай-ақ олардың кәсіби даярлығы мәселелері талқыланды.
Жұмыс қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларының қызметін жақсарту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы