Учаскелік полиция инспекторларының қызметін бағалаудың жаңа тәсілдері: мәселелері мен болашағы

«Жергілікті полиция қызметінің қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша анағұрлым тұтас реформасы пісіп-жетілді, мұнда учаскелік инспекторға негізгі рөл беріледі. Ол азаматтар үшін танымал, қолжетімді, беделді болуға, олардың құқықтарын белсенді қорғауға тиіс».
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
 

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде «Учаскелік полиция инспекторларының қызметін бағалау критерийлерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны өткізуге Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының бастығы, полиция подполковнигі А. С. Смышляев, Сарыкөл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры А. С. Омаров, учаскелік полиция инспекторлары, оның ішінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, сондай-ақ әкімшілік практика және көші-қон қызметінің қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында учаскелік полиция инспекторларының күнделікті тәжірибесінің күрделі сұрақтары, сондай-ақ жұмыстың сервистік моделін ескере отырып, олардың қызметін бағалаудың жаңа әдістемесін енгізу және «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын қамтамасыз ету болашағы талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша учаскелік полиция инспекторларының қызметін бағалау критерийлерін жетілдіруге бағытталған бірлескен ұсынымдар әзірленді.

Ішкі істер органдарының
әкімшілік қызмет кафедрасы