Учаскелік полиция инспекторларымен вебинар өткізілді

2020 жылдың 02 желтоқсанында ішкі істер органдарының әкімшілік қызмет кафедрасы учаскелік полиция инспекторларымен Әкімшілік полиция қызметінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру перспективалары тақырыбында қашықтық форматта вебинар өткізілді.
Вебинар барысында учаскелік полиция инспекторларының қызметін цифрландырудың перспективалық бағыттары, сондай-ақ олардың күнделікті тәжірибесінде орын алатын проблемалық мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің қызметінде әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінің мобильді қосымшасын пайдалану ерекшеліктерін қарастыруға назар аударылды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша оқытушылар мен тәжірибедегі қызметкерлер учаскелік полиция инспекторларының қызметін жетілдіру бойынша тиісті ұсынымдар әзірледі.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасы