«Тәуелсіз елдің патриоттары!» атты тақырыпта дәріс сабағы өтті

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата-анасын, туған-туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Ал тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Академиямыздың 50 жылдығына байланысты КПДжІІОБ кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны Н.Ж.Турсумбаева, кафедра оқытушысы полиция аға лейтенанты Г.Х. Ахметова және полиция лейтенанты Е.Ж.Толыкпаев Заречный мемлекеттік тілде оқытатын орта мектебінің 10-11 сыныптарының оқушылармен «Тәуелсіз елдің патриотымыз!» атты тақырыпта дәріс өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің, жерінің тарихын білуге, патриоттық сана қалыптастыра отырып, Тәуелсіз еліміздің бүгінгі уақытқа дейін жеткен жетістіктері жайында айтылды. Сабақ соңында «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбында дайындалған көркем фильм көрсетілді.

КПДжІІОБ кафедрасының оқытушылары: Н.Ж.Турсумбаева, Е.Ж.Толыкпаев