«Тәуелсіздік – тұғырым» онлайн іс-шара

Тәуелсіздік – тұтқасы бізге аманат! 16 – желтоқсан – ата – бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 29 жыл толғалы тұр. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік – жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман  —  мұратының салтанат құруы. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ұранмен Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 411 топ  курсанттар арасында онлайн мәдени іс – шара өткізілді. Іс – шара мақсаты: курсанттардың патриоттық сана – сезімін оятып,Тәуелсіздік үшін құрбан болған азаматтарды еске алып, оларды болашақ ұрпаққа үлгі тұту.Қонақ ретінде қатысқан Жусупов Руслан Батырханұлы іс – шараға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ата – бабамыздан қалған үлкен аманатты жоғалтпай, тәуелсіздікке ,  ұлтқа деген сана – сезімдерін арттыруды, қызметте тек табысты да, жемісті болуларын тілеп мерекелік іс – шараны ашты. Кейіннен  Нуркушева М.Б  домбырамен Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап,  мерекелік іс – шараның сәнін келтірді. Топ курсанттарын төрт топқа бөліп, интеллектуалдық сайыс болды. Сайыс жеңімпаздары анықталып,мерекелік іс-шара Тұрсын Ерсіннің орындауында «Жаса, қазағым» әнімен аяқталды.  Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Барша Қазақ еліне Тәуелсіз күні құтты болсын!

КПДжІІОБ кафедрасының     оқытушылары
Оразов А.Х. және топ кураторы
полиция аға лейтенанты Ахметова Г.Х.