Тәжірибиелік қызметкермен кездесу

2020 жылдың 24 желтоқсанында жалпы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры Бузаканова А.Б. және аға оқытушысы полиция майоры Ақылбекова А. Б. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы курсы бойынша практикалық сабақ өткізу шеңберінде 3 курстың 304 взвод курсанттары үшін Қостанай облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Бәсенова тартылды.
Сабақ барысында Несибели Заривановна атқарушылық іс жүргізу кезеңдерін түсіндіріп, өз қызметінің тәжірибесімен бөлісіп, сот шешімін орындау барысында сот орындаушылары қолданатын шаралар туралы айтып берді.

ЖЗП кафедра оқытушысы
полиция майоры
Бузаканова А.Б.