Тәжірибиелік қызметкерлермен серіктестік

Әлемнің ірі елдеріндегі негізгі өзекті мәселелердің бірі қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Біздің Қазақстан еліміз де сол елдердің қатарында. Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында осы мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша азаматтар арасында экологиялық құқықбұзушылықтарды болдырмау және олардың алдын алу үшін белгілі мақсаттар қойылған. Осыған байланысты жалпы заң пәндер кафедрасы «ҚР ІІО-да экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері» пәнінен 1-курс магистранттары үшін дәріс сабағын өткізуге Қостанай облысы Экология департаментінің мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы Сергей Талгатович Мукашевты шақырды. Кездесу барысында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көптеген өзекті мәселелері талқыланды. Аталмыш дәріс сабағы өте қызықты және танымды өтті.

ЖЗП кафедра оқытушысы
полиция капитаны
А. Бузаканова