Тәжірибе сабағы сараптама орталығанда өтті

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы кәсіби алғашқы даярлық курсының 7-оқу тобының білім алушыларын «Криминалистика негіздері» пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибемен бекіту үшін «Қостанай облысының патолого-анатомиялық бюро» МКҚҰ-ға барып, сабақ өткізді.
Сот-медициналық сараптамаға қатысу үшін құзыретті органдардан, атап айтқанда Қостанай ПБ тергеу бөлімінен және Қостанай облысы бойынша сот сараптамалары институтынан рұқсат алынды. Сонымен қатар барлық қатысу талаптары сақталып, шектеулі адам саны және қорғану құралдарының болуы (медициналық жапқыш, қалпақ, маска, қолғап) қамтамасыз етілді.
Сабақтың «Сот сараптамаларының түрлері. Сараптама тағайындау негізі және тәртібі. Сарапшылармен шешілетін сұрақтар» тақырыбы бойынша тәжірбие сабағында адамның өлім себебін анықтау бойынша сараптама жүргізілді. Білім алушылар түсініксіз мәселелер бойынша сарапшыларға өз сұрақтарын қойды, сот-медициналық сараптамасын жүргізу барысына басынан аяғына дейін қатысты.
Аталған тәжірбиелік сабақты өткізуді ұйымдастыру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және Академия басшылығының көмегімен өтті.

Қылмыстық процесс және криминалистика
кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Нурмаганбетова Ж.