Тәжірибе мен теория ұштасқан кездесу

2020 жылғы ақпан айының 3-і мен 8-і аралығында Академияның кәсіби дайындық факультетінің күндізгі оқыту нысаны бойынша 2-курс 201-204 және 208-209 топтарының курсанттарымен «ҚР қылмыстық-атқару құқығы (жалпы бөлім)» пәнінен «ҚР қылмыстық-атқару саясатының негізгі ережелері» тақырыбы бойынша өткен сабақтарға тәжірибелік қызметкер шақырылды.
Олар, Академияға біліктілігін арттыру курстарынан өтуге келген Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет майоры Райымбеков Бахытбек Уласбекович және Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Аминов Ануар Ардакович.
Кездесу барысында аталған қызметкерлер жалпы қылмыстық-атқару жүйесі қызметімен, қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясатымен, сонымен қатар 2020 жылдың қылмыстық-атқару жүйесінің «Қылмыстық-атқару жүйесі жылы» деп аталуына орай, жоспарланып отырған шаралар туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері арасындағы қазіргі таңда өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерімен жүргізіліп жатқан шаралар, қызметкерлер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар және олардың алдын-алу сұрақтарын атап өтті. Ал, курсанттар өз тараптарынан болашақ мамандықтары, тәжірибелік қызметте кездесетін қиындықтар мен олардан шығу жолдары туралы сұрақтар қойды.
Кездесу соңында қонақтар, курсанттарға оқу орнын ойдағыдай аяқтап, білікті де білімді қызметкерлер қатарынан көрінулеріне тілек білдірсе, курсанттар өз кезегінде, қонақтарға сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.

Қылмыстық құқық және
жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасы бастығының орынбасары
полиция подполковнигі
Г. Кажикова