Тәжірибе мен оқуды ұштастыру – оқу үрдісінің басты мақсаты

2020 жылғы 3-8 ақпан аралығында Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау факультетінде ҚАЖ өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілдері біліктілігін арттыру курсынан өткен болатын. Тәжірибелі қызметкерлердің көп жылғы тәжірибесімен жас ұрпақты таныстыру оқу процесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып, қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының оқытушылары біліктілігін арттыру курсының тыңдаушыларын оқу сабақтарына белсенді қатыстырды.
БАжКҚДФ тыңдаушысы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД өзіндік қауіпсіздік тобының жедел уәкілі әділет капитаны Жұмабеков Қадыр Әбілқадырұлы 2020 жылғы 4-8 ақпан аралығында Академияның Кәсіби даярлық факультетінің 2-курсының оқу топтарымен «ІІО-ғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» пәнінен тәжірибелік сабақ өткізді.

Қадыр Әбілқадырұлы Полиция департаментінде тергеуші лауазымында, ҚАЖ саласында жедел уәкіл лауазымында бірнеше жылғы тәжірибесі болғандықтан, курсанттарды өзінің қызмет жолымен, атқаратын қызметтік функцияларымен таныстырды. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның, Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының ережелерімен, ҚАЖ саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, бұйрықтармен және енгізілген өзгерістермен таныстыра отырып, мемлекеттік қызметкерлерге беріліп жатқан жеңілдіктерге, мемлекеттік бағдарламаларға шолу жасады.
Кәмелетке толмағандар арасында болатын құқық бұзушылықтар, әйелдер қылмыстылығы, тергеу саласындағы кездесетін қиындықтар, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, қызметтен тыс байланыстар туралы, оларды болдырмау жолдары жайында тоқталып кетті.

Қылмыстық құқық
және жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі З.М. Суйеубаева