Тәжірибемен тығыз байланыс

2019 жылдың 22 қарашасында Академияның күндізгі және сыртай оқыту факультетінің 3-курс 311-оқу тобының криминология пәнінен «Террористік және экстремистік қылмыстылықтың криминологиялық сипаты мен оны ескерту» тақырыбы бойынша практикалық сабаққа ішкі істер саласында көптеген жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі қызметкер, қазіргі таңда ғылыми және педагогикалық магистратурасының 2 курс магистранты полиция майоры Галиханов Мурат Максудович шақыртылып, қатыстырылған болатын. Кездесу барысында курсанттармен көп пайдалы практикалық мәліметтермен  бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып өтті. Болашақта төзімді, батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай,  тәртіпке бағынып, алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды.
Қорыта айтсақ, өткізілген тәжірибелік сабақта курсанттардың алған теориялық білімі нығайтылып, оқуға деген  құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскені байқалды.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы
және криминология кафедрасының
оқытушысы полиция капитаны
М.Қалқаманұлы