Тәжірибемен бөлісу

2019 жылдың 1 және 3 қазанында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын күндізгі оқыту факультетінің 3 — 4 курс курсанттарының 313 – 413 оқу топтарының «Пенитенциарлық жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» және «Әлеуметтік жұмыстағы конфликтология» пәндері бойынша тәжірибелік сабақтарына практикалық қызметкер қатыстырылды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ — 156/21 мекемесі бақылаушылар қызмет бөлімінің бастығы әділет майоры Гүлназ Мукатаевна Балтабаева сабақ барысында курсанттармен өзінің практикалық шеберлігімен бөлісті. Г.Мукатаевна қылмыстық-атқару жүйесінде 20 жасынан бастап қызмет ететінін, түрлі лауазымдарда жұмыс атқарғаны туралы айтып кетті. Ең алғашқы қызметін бақылаушылар кызмет бөлімінен бастаған, тергеу изоляторында 2009 жылдан бастап тәртіп бөлімінде қызмет атқарған. Одан кейін жедел бөлімінің жедел уәкілі болғандығы, қазіргі таңда бақылаушы қызмет бөлімінің бастығы дәрежесіне жеткендігі, осы жүйеде 17 жылдан астам қызмет еткендігі туралы айтып, әр саладағы қызметтің қыр-сыры, қиындықтары мен артықшылығы жайында нақты әңгімеледі. Қазіргі таңда Г. Мукатаевна Балтабаева Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ — 156/21 мекемесі әйелдер колониясында 2001 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Кездесу барысында курсанттар қызмет барысында кездесетін қиындықтар туралы сұрақтар қойып, оларға нақты жауап алды. Өз тарапынан Г. Мукатаевна курсанттарға ақыл, кеңестерін айтып, сәттілік тіледі. Тәжірибелік сабақтар өте қызықты өтті, өйткені практикалық қызметкер жұмыс барасында болған оқиға мен жағдайларды мысалға келтіріп курсанттардың назарын өзіне аудара білді. Жастарымызға бағыт – бағдар көрсетіп ақылын айтайын, тәжірибесімен бөлісіп отыратын осындай қызметкерлер көп болса екен демекпіз.

ІІО ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры
А. Танкибаева