Тәжірибелі қызметкермен кездесу

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық курсының 1-оқу тобы тыңдаушыларымен өткізілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қозғаудың процестік тәртібі» тақырыбындағы тәжірибелік сабаққа Қостанай қаласы Оңтүстік полиция бөлімінің ЖПБ УПИ полиция капитаны Т.Абильнасиров пен полиция капитаны С. Жиенбаев қатысты. Тәжірибелі қызметкерлерді тәжірибелік сабаққа қатыстырудың негізгі мақсаты – теорияда алған білімдерін тәжірибе кезінде заңдылықтарды дұрыс іске асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Тәжірибелі қызметкерлер тыңдаушыларға қазіргі таңда электронды форматта жүргізіліп жатқан әкімшілік процестік тәртіп жайлы және өздерінің тәжірибедегі бірнеше іс-әрекеттерін мысалдар ретінде келтіріп өтті. Тыңдаушылар мен тәжірибелі қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді бірге талқылады. Тыңдаушылар тәжірибе сабағынан көптеген пайдалы ақпараттар алып, өз алғыстарын білдірді.
ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының
оқытушысы
полиция подполковнигі Бауыржан ІЛЬЯС