Тәжірибелік қызметкермен көкейтесті сұхбат

Кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасында курсанттармен тәжірибелік қызметкерлердің кездесулерін ұйымдастыру, сабақтарына қатыстыру іс-шаралары дәстүрге айналған. Міне, бүгіңде теория мен тәжірибенің ұштасқан сәті болып отыр. 2020 жылдың 26 қараша күні КДФ 3 курс 312 оқу тобы курсанттардың «Психологиялық кеңес берудің негіздері» пәнінен тәжірибелік сабағына Қылылорда облысы бойынша ҚАЖД ЗКА-169/4 мекемесі кадр саясат бөлімшесінің инспектор  — психологі, әділет аға лейтенанты Маханова Моншақ Маратқызы қатысты.
Жүсіп Баласағұнидың «Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, өнерімен қуантады түбінде» дегендей оқу мен тәжірибенің жүгі ешқашан жеңіл болмағанын біліп, жауапкершілік пен талапшылдықты қажет ететін мамандық иесі екенін сезіне тұра осы мамандықтың супермаманы болып бәрін басып озу үшін әрине оқу, талант, тәжірибе мен өмір көргендік қажет. Осы тұста, «Педагогика және психология» мамандығында оқитын курсанттарды Моншақ Маратқызы өзінің қызмет барысында жеке құрамға қандай жұмыстар жүргізетіні туралы және мекеме психологіне қажет іс-қағаздары, бұйрықтарымен және психологиялық әдістемелер топтамасымен таныстырды.
Курсанттар өздерінің болашақ мамандықтары, атқаратын қызметтері туралы жан-жақты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Осы онлайн кездесу жоғары деңгейде өтіп, курсанттардың көңілінен шықты. Алтындай уақытын бөліп, өзінің қызықты тәжірибесімен бөліскен әділет аға лейтенанты Маханова Моншақ Маратқызына алғысымыз шексіз!

КПДжІІОБ кафедрасының
аға оқытушысы,
 полиция капитаны
Н.Турсумбаева