Тәжірибелік қызметкермен кездесу

Академияның негізгі іс-шаралар жоспарында көзделген кафедра апталығына сәйкес жедел-іздестіру кафедрасының «Сақшы-На страже» курсанттардың ғылыми үйірмесі мүшелері мен діни экстремизмге және терроризмге қарсы әрекет бойынша Қостанай облысы ІІД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры А.К. Бапиновпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында курсанттар іс жүзінде өзекті мәселе болып танылған терроризм және экстремизмге қарсы жүргізіліп жатқан күрестер амалдары мен тәсілдерінен хабардар болды. Жедел уәкіл қызметкері де курсанттарға жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен оны жеңудің әдістерін баяндады.

Сұхбат сұрақ-жауап түрінде өтті. Практикалық қызметтің қыр-сыры туралы мәліметтер берілді.

Курсанттарымыз мұқият тыңдап, алғыстарын білдірді.

ЖІҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Шаймуханов