Тәжірибелік қызметкермен кездесу

Академияда қалыптасқан тәжірибелік сабақтың бір түрі – тәжірибелік қызметкермен кездесу. Біліктілікті арттыру және кадрларды  қайта даярлау факультетінің  тыңдаушысы, тәжірибелік қызметкер Талғат Қанжарбекұлы Абдрашов КДФ 2-курс 209-тобының тәжірибелік сабағына қатысып, өз біліктілігімен курсанттармен бөлісіп қайтты.
Сөз басында Т.Қ. Абдрашов үздіксіз білім алып, жаттығып қана қоймай, құқықтық тәртіпті сақтау барысында адал еңбектену қажет екендігін ескере кетті. Сонымен қатар, курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында және заңнамадағы соңғы өзгерістердің тәжірибедегі қолданылуының нәтижелері туралы айтып өтті.
Сабақты қызықты өткізген тәжірибелік қызметкерлерге курсанттардың қояр сұрақтары да аз болмады. Сабақ барысында олар сұрақтарына толық және түсінікті жауап алды. Сабақ тақырыбы толығымен ашылып, мақсатына жетті. Сабақ соңында курсанттар өз алғыстарын білдірді. Осындай игі                   іс-шаралар болашақ офицерлердің білімін көтеру мақсатында Академиямызда көптеп өткізілуде.
Кездесу соңында курсанттарға ақ жол тілеп, алдағы уақытта тек қана жетістіктерге жетіп, өз елінің патриоты болуға, халқына аянбай қызмет етуге шақырды.

ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі