Тәжірибелік қызметкермен ашық диалог

Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай: «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу». Бақытты сезінудің бірі — бұл өз маманының шебері болу. Біздің де таңдаған мамандығымыздың қыр-сыры көп. Психология әлемі – адамдардың рухани ділінің дамуын қамтамасыз етуде, қоғамның ізгілікті бағытқа бет бұруында маңызды рөл атқарады. Әрі психологиялық білімнің осы заман адамдарының әрқайсының күнделікті өмірі мен іс-әрекетінде шешуші орын алатыны, көпшілікке мәлім. Әсіресе, қазіргі кезде жастарға, жалпы кез-келген тұлғаға іс-әрекет пен қарым-қатынасты субьект ретінде жетілдіруі үшін психологиялық даярлықты жоғары дәрежеде танытуы қажетті шарт. Осы тұста біздің, яғни Академияның оқытушылары тарапынан теория мен тәжірибені ұштастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, осы міндеттерімізді орындап жүрген жайымыз бар. 2020 жылдың 24 қараша күні КДФ 4 курс 411 оқу тобының курсанттарына «Қызметтік құжаттарды құрастыру бойынша практикум» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/2 мекемесі кадр саясат бөлімшесінің аға инспектор — психологі, әділет аға лейтенанты Гүлмира Еркінқызы Айтуғанова қатысты.
«Тәжірибең мен біліміңді ұштастырып отыру арқылы кез келген мамандықты нан тауып жейтін дәрежеде игеруге болады. Ол үшін ешқандай таланттың қажеті жоқ. Ерінбей іздеңсең, шаршамай еңбек етсең болды» — деген түйінмен ашық диалогтағы сөзін жалғастырған қонағымыз, курсанттармен өзінің жұмыс барысындағы қызықты да, танымды да тәжірибесімен бөлісті. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын курсанттардың көкейінде тұнып тұрған сұрақтарына тәжірибелік жағынан толық жауап алды деген сенімдемін. Жалпы, теория мен тәжірибе ұштасқан сабақ өз мақсатына жетіп, курсанттардың жүрегінен орын алды деп санаймын.

КПДжІІОБ кафедрасының
аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н. Турсумбаева