Тәжірибелік қызметкерлермен қызықты өткен сабақ

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс 304-оқу тобының тәжірибелік бағытын нығайтуды жалғастыру мақсатында Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Жетісай ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция полковнигі Сәкен Нұрмаханович Жайлыбаев «Қоғамдық тәртіпті қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полицияның кешенді күштерін пайдалану» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында курсанттарға «Жергілікті полиция қызметінің» әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықты ашу, анықтау және т.б. тақырып бойынша сұрақтарды талқылады. Әрине, әдеттегідей курсанттардың қояр сұрақтары да аз болмады. Қойылған сұрақтарға курсанттар ұтымды жауаптар ала алды.
Сонымен қатар, олар курсанттардың назарына қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында және заңнамадағы соңғы өзгерістердің тәжірибеде қолданылу нәтижелері туралы айтып өтті.


ІІО ӘҚ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны
А.Әбдәлі