Тәжірибелік қызметкерлерді тарту

Ағымдағы жылдың 29 ақпанында кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес, дене шынықтыру дайындығына арналған сабақтарға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Еңбекке және Отан қорғауға дайын жазғы көпсайыс бойынша КСРО спорт шебері Круглик Геннадий Николаевич шақырылды. Ол алғашқы кәсіби даярлықтың 8-взвод тыңдаушыларымен сабақ өткізді. Сабақта спорт ардагері арнайы-жүгіру жаттығуларын қалай дұрыс орындау керектігін көрсетті. Ол АЖЖ-ның дұрыс орындалуы қызметкердің дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындау кезінде немесе қудалаудан жасырынуға әрекет жасаған қылмыскерлерді ұстау кезінде оның соңғы нәтижесіне әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар Г.Н. Круглик сабақта ептілікті, икемділікті, жылдамдықты дамыту үшін жалпы дамыту жаттығуларына көп көңіл бөлді.
Сабақ соңында оқытушы Қостанай академиясының жеңіл атлеттерінің жақсы дайындығы мен нәтижелерін атап өтті. Соңғы 10 жылда біздің спортшылар Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындары арасындағы спартакиадаларда 8 рет жеңіске жетті. Ал үздік жеңіл атлеттер ЖҚАЖ мен Арлан элиталық бөлімшелерінде қызмет етеді. Курсанттар Кудринский Владимир, Исмаилов Руслан 2005 жылы жазғы полиатлоннан Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғады. 2018 жылы Академиямыздың түлегі ЖҚАЖ қызметкері Тургунов Рустем Президенттік көпсайыстан ІІМ чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды.

ДШД кафедрасының оқытушысы
К. Исергепов