Тәжірибелік қызметкерлердің қашықтықтан білім беру құралдары арқылы оқыту процесіне  қатысуы

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында on-lin режимде жаңа қашықтықтан оқыту форматында 311 оқу тобында тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен сабақ өткізілді.
Кәсіби — психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының профессорлық – оқытушылық құрамы оқу процесі барысында  «Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі» МКҚК педагог – психологы А.А. Маханбетова «Конфликтология және суицидология» және ҚАЖ мекемесінің инспектор – психологы әділет аға лейтенанты Ш. Кенесбаева «Психологиялық кеңес беру негіздері» атты тақырыпта қатысты.
Курсанттардың тәжірибелік қызметкерлермен кездесу мақсаты — кәсіби бағдарлау, мамандық бойынша білімдерін кеңейту, сондай-ақ ҚАЖ-ның инспектор-психологының кәсіби қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Барлық өткізілген іс-шаралар курсанттардың оқудағы уәждемесін арттыруға бағытталған, әсіресе қазір on-lin режимінде оқу, үйден шықпай-ақ қызықты кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік береді, олардың барысында курсанттар тақырып бойынша бірден сұрақтар қоя отыра, түсініксіз жерлерді нақтылап, мамандық туралы кеңірек мәлімет ала алады.

КПДжІІОБ кафедрасының
оқытушысы
полиция аға лейтенанты
Г. Ахметова