Тәжірибелік қызметкерді сабаққа тарту

2021 жылғы 3 сәуірде ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы алғашқы оқыту курсындағы 8-взвод  тағылымдамашыларымен «ІІО әкімшілік құқық бұзушылық өндірісін жүзеге асыру бойынша практикум» пәнінен «Заңдылықтың бұзылуы туралы, әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгізу» атты тақырып бойынша өткізілген  тәжірибелік сабаққа Қостанай қаласы Солтүстік полиция бөлімінің ЖПБ УПИ полиция майоры К.С. Утегенов қатысты.
Тәжірибелік қызметкерді тәжірибелік сабаққа қатыстырудың негізгі мақсаты – теорияда алған білімдерін тәжірибеде дұрыс заңдылықта іске асыруын қамтамасыз ету болды. Тәжірибелік қызметкер тағылымдамашыларға қазіргі таңда электронды форматта жүргізіліп жатқан әкімшілік процестік тәртіп жайлы айтып және өзінің тәжірибедегі бірнеше іс-әрекеттерін мысал ретінде келтіріп өтті. Тағылымдамашылар мен тәжірибелік қызметкер арасында бірнеше сұрақтар қарастырылып, өзекті мәселелер талқыланды. Тағылымдамашылар тәжірибеден көптеген пайдалы ақпараттар алды.

ІІО әкімшілік қызмет
кафедрасының оқытушысы
полиция подполковнигі
Б. Ильяс