Тәжірибелік қызметкердің қатысуымен өткен дәріс

2021 жылдың 30 наурыз күні Алғашқы кәсіби даярлық 2-оқу тобының қылмыстық-атқару мамандануы бойынша оқитын тыңдаушыларына кәсіби даярлық бөлімі бойынша №11.2.30 «Бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандарға марапаттау және жазалау шараларын қолдануды құқықтық реттеу» тақырыбында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының аға инспекторы тәжірибелі қызметкер әділет майоры Баятанов Данияр Бақытұлының қатысуымен қашықтықтан онлайн дәріс сабағы өткізілді.

Данияр Бақытұлы болашақ қызметкерлерге алдымен жалпы қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тоқтала отырып, ондағы сотталғандар санатына, олардың ұсталу режиміне, марапаттау және жазалау шараларын қолдануды құқықтық реттеу жайында түсініктеме берді. Сонымен қатар, тәрбие бөлімінің негізгі жұмысын, сотталғандармен жұмыс істеу әдістерін, тәрбиелік ықпал етуді, жазаны өтеудің дағдылы, жеңілдетілген, қатаң және жеңілдікті жағдайларында тәрбие жұмысын жүргізу ерекшеліктерін және т.б. түсіндірді.

 

Қылмыстық құқық
және жазаны орындауды ұйымдастыру
кафедрасының аға оқытушысы,
полиция капитаны А. Мұрат