Тәжірибелік полиция сақшыларымен кездесу

2020 жылдың 21 ақпанында  201-оқу тобының курсанттарымен кезекті кураторлық сабақ өткізілген болатын. Кездесуге Қостанай қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қатыстырылды:
-полиция капитаны  Рауан Сырымұлы Сұлтанғазин ;
-полиция аға лейтенанты Бақтияр Алматұлы Ундрисов ;
Кездесудің мақсаты болашақ полиция қызметкерлеріне ішкі істер органдарында қызметтік тәжірибесі бар полиция қызметкерлерімен ой бөлісу, қызметте болатын оқиғалар жөнінде сұхбаттасу. Әр тәжірибелік қызметкер курсанттарға өз қызмет саласы бойынша міндеттемелерді және қызметтегі болған оқиғаларды айтып өтті.
Ата-заңымыздың айрықша мәні-адамның құқықтары мен бостандықтарының  басымдығын бекітіп, заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.
Полиция қызметкерлерінің міндеті- зандылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу.Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештене жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойында адалдық пен кәсібилік болуы тиіс. Кездесу соңында тәжірибелік қызметкерлер курсанттарға оқу барысында сәттілік, зор денсаулық тіледі.

ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының
аға оқытушысы
полиция майоры
Д. Қалқаманұлы