Тәжікстан Республикасының курсанттарымен кездесу

1-Қыркүйек – Білім күніне орай ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов Тәжікстан Республикасының 4-курс курсанттарымен онлайн кездесу өткізді.
Биыл Тәжікстан Республикасының азаматтары қашықтықтан оқыту жүйесін жалғастырады. Кездесу барысында Академия бастығы курсанттарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алу жолында қажырлы еңбек етіп, жаңа белестерді бағындыруға тілек білдірді. Сонымен қатар полиция полковнигі курсанттарды сабаққа уақытылы қатысып, тәртіпті сақтауға шақырды.

4-курс курсанты
полиция қатарындағы
А.Сайлау