Тұңғыш президент күні аталып өтті..

Қараша айының 26-шы жұлдызы күні 2 курс жеке құрамының «1 желтоқсан тұңғыш президент күніне» арналған мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға  академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов қатысты. Курсанттарды алғыс хатпен мараппаттау үшін арнайы бұйрық оқылды. Бұйрықты кадр бөлімінің бастығы полиция полковнигі А. Ибраев оқыды.
Мерекелік іс-шара академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасовтың құттықтау сөзімен басталды. Курсанттар домбыра ойнап, би билеп, 2 курс курсанттарынан құралған «көңілтапқырлар» құрамасы өздерінің бар өнерлерін паш етті. Сонымен қоса тұңғыш президентіміз жайлы деректі фильм тамашалап, тарихқа деген сауатымызды одан әрі молайттық деп айтуға болады.
Мерекелік іс-шара 2 курс жеке құрамы басшылығы және жеке құрамның өнерлі курсанттары арқылы ұйымдастырылды.

2 курс курсанты полиция қатарындағы А.Бакбаева