Тұңғыш Президент – Елбасы Қорынан сый

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры академияға 281 дана кітап сыйлады. Ол – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдары жарық көрген еңбектерін қамтиды. Оның ішінде 3D форматындағы «Мәңгілік Ел», сондай-ақ Прагадағы «Card Couture Award-2019» фестивалінде ең жоғары наградаға ие болған, Ұлы Даланың бірнеше мыңжылдық тарихынан сыр шертетін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан «Ұлы Дала Тарихы» сынды құнды кітаптар да бар.
Осылайша жоғары оқу орнының кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағалы кітаптарымен толыға түсті.

ІСКБ бастығы
Қ. Елмұратов