«Тіл – достықтың көпірі»

Тіл апталығының төртінші күні «Тіл – достықтың көпірі» тақырыбында курсанттар арасында викторина өтті.

Сайыстың мақсаты мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын құрметтеуге, сондай-ақ өскелең ұрпақты елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы толеранттылық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, ұлт бірлігін нығайту болып табылады.

Викторинада курсанттардан құралған «Шырақбек ұрпақтары» және «Сұңқар» атты 2 топ өзара сайысты. Қатысушыларға төрт түрлі тақырыпта: мақал-мәтелдер, ақын-жазушылар, шығармалар және басқа сұрақтар бойынша 10-нан 50 ұпайға дейінгі ұяшықтардан тұратын тапсырмалар берілді. Жарыс барысында курсанттар білімдерін шыңдап, өздеріне жаңа ақпараттар ала білді. Сайыс қорытындысы бойынша, 220 ұпай жинап «Сұңқар» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар тіл апталығының соңында марапатталатын болады.