Тыңдаушылар мұражайда

Өткен мен болашақтың арасын жалғасытырушы көпір, нағыз тарихтың, өнердiң орталығы, мәңгiлiк құндылықтардың қайнар көзi – мұражай.  Осындай көпірлердің бірегейі Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайы. Атаулы мұражайға ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларын 1-оқу топ жетекшісі полиция подполковнигі Бауыржан Ілияс мұражайға саяхатқа апарды.
Даланың дара тұлғасы, қазақ ағарту саласында өзіндік ізін қалдырған, тұңғыш мектеп ашқан, жаңашыл жазушы, ақын  Ыбырай Алтынсариннің мұражайы өмірі мен қызметін ғана емес, сонымен бірге Қазақстандағы халыққа білім беру жүйесі құрылымының қалыптасуы мен даму тарихынан сыр шертеді. Мұражай қорында 11820 экспонат бар. Негізігі қордың 10190 бірлігі сақталуда. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер мен естеліктері жиналған.
Мұражайға саяхат тыңдаушылар үшін мәдени серуен ғана емес, рухани  азық болғандай. Себебі, әр облыстан келген тыңдаушылар өздері үшін  Ыбырай атамыз жайлы көптеген жаңа мағлұматтар біліп, өмірі мен қызметінен мол ақпарат алды.