Тыңдаушыларға экскурсия ұйымдастырылды

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Академияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларын Қостанай өлкесінің тарихымен және мәдениетімен таныстыру мақсатында Қостанай қаласының тарихи-мәдени жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Тыңдаушылар Қостанай қаласының тарихи және көрікті жерлеріне, орталық саябағына, Жеңіс паркіне барды.

Қаламыздың тарихи және мәдени орындары еліміздің әр аймағынан келген тыңдаушылардың әрқайсысының үлкен қызығушылығын тудырды. Сейілдеме тыңдаушылардың көңілдерінен шықты және демалыс күнін көңілді әрі пайдалы өткізді.

А. Мұрат
7 взвод кураторы,
полиция капитаны