Тыңдаушыларға сапта жүрудің қыр-сыры үйретілді

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу-саптық бөлінісінің қызметкерлері алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына тұрақты түрде саптық даярлық пәні бойынша сабақ өткізеді.

Саптық даярлық пәнінің басты мақсаты – болашақ жас полиция қызметкерлерінің бойында өзіне құрметпен қарау, киім үлгісін сақтау, саптық тәсілдерді жылдам әрі дәл орындауды қалыптастыру, ширақылық пен ептілікке дағдыландыру. Міне, осы мақсаттарды көздеп, оқу-саптық бөлінісінің қызметкерлері жаңадан келген тыңдаушыларға кезекті саптық даярлық және жорықтық адыммен қозғалыс сабақтарын өткізді.

Тыңдаушылар бар ынта-жігерлерін салып, саптық даярлықтың қыр-сырын үйренді.

Оқу-саптық даярлық бөлінісінің
взвод командирі
полиция капитаны Айнур САЛАМАТОВА