Тыңдаушыларымен тәрбиелік сұхбат өткізілді

Ағымдағы жылдың 29-қаңтарында кураторлық жұмыс аясында алғашқы кәсіптік даярлық факультетінің 9 взводының (куратор — полиция майоры Садыков А.Ж.) және 13 взводының (куратор-полиция майоры Исергепова А.К.) тыңдаушыларымен тәрбиелік сұхбат өткізілді. Сұхбат барысында тыңдаушылар академияда атап айтқанда, смартфон және спирттік ішімдік пайдалануға тыйым салу, арнайы бөлінген орындарда ғана темекі шегу, карантиндік және жеке гигиена жағдайында бетперде режимін сақтау, тұлғааралық жанжалдарды болдырмау ережелері таныстырылды.
Сонымен қатар, тыңдаушылармен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығының нормалары зерделенді. Осылайша, тыңдаушылардың назарына жалпы мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілерге қызметтен тыс уақыттағы, сондай-ақ қызметтік қатынастар барысындағы мінез-құлық мәселелерінде қойылатын талаптар жеткізілді.

ІІО ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Исергепова А.К.

ІІО ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция майоры Садыков А.Ж.