Тиімді уақыт – мақсатқа апарар негізгі жол

Қаңтар айының 26 жұлдызы күні  алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары демалыс күні оқу орнымыздың акт залында Академияның 45 жылдығына арнап жасалған деректі фильмді тамашалады.
Деректі фильмді көрсетудің мақсаты тыңдаушылардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, Академияның тарихына шолу жасау, 45 жылда жеткен жетістіктермен таныстыру болып табылады. Тыңдаушылар алғаш келген күннен бастап олардың бойында намыс пен қайсарлықты қалыптастыра отырып, олардан ерік-жігері мықты Отан қорғаушыларды шығару басты міндет  болып табылады.

Курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Б.  Жандауов