Теңіз жағалауындағы жеңіс!

Самбодан көптен күткен Қазақстан Республикасының Кубогы ағымдағы жылдың тамыз айының 5-8 күндері аралығында Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, еліміздің көрікті жерлерінің бірі Ақтау қаласында өтіп, өз мәресіне жетті.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының «Қабанбай батыр Мемориалы» Кубогы Семей қаласында қатарымен жиырма жыл үзбей өткен болатын. Ендігі кезекте, кең байтақ жеріміздің түпкір-түпкірінен келген самбошылар Маңғыстау төрінде Әлем Кубогына қатысу жолдамасын сарапқа салды. Олардың қатарында Қостанай самбошылары да төбе көрсетті.
Ерлер және әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбода екі күндік жеке бәсекенің нәтижесі бойынша 53 келі салмақ дәрежесінде Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Е.Кабидуллинов пен Қ.Мустафиннің қол астында жаттығатын Батырғазы Сатмурза белдесуде қарсыласына есе жіберіп, үшінші орынды айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, қола жүлдені иеленеді.
64 келі салмақта ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанты, «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы, А.Ақылбеков пен Е.Кабидуллиновтің жетекшілігімен дайындалатын Бегжан Галибеков төрт белдесуінде қарсыластарын айқын әдістерімен жеңіп, бесінші кездесуінде ақтық сыңда Атырулық спортшы Әлем Кубогының иегеріне сәл ғана басымдылықпен есе жіберіп, жарыстың күміс иегері атанды.
Келесі күмісті 65 келіде әйелдер арасында, өзінің батыр мінезді ару екенін және қайсарлығын танытып, бірнеше жылдық үзілістен кейін Қостанай академияның түлегі, ПД қызметкері Сая Әуелбекова иеленді.
Қазіргі таңда бабында жүрген, Әлем Кубогына қатысу үшін жолдама алған және «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын иеленген, ПД қызметкері, «Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің» спортшысы Асқар Абдулла жауынгерлік самбодан 98 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.
Бүгінгі таңға өңірімізде самбоның дамуына көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы жұмыстардың нәтижесі алдағы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін 2028 жылғы жазғы Олимпиадасында жемісін береді деп сенеміз.

ДШД кафедрасының
аға оқытушысы полиция майоры Е.Кабидуллинов