Теория мен тәжірибе тығыз байланыста

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы өз жұмысын қашықтықтан оқыту форматында өткізуге ауыстырса да, жоспарланған мәселелер толыққанды өткізілуде. Осындай жоспарланған ісшаралардың бірі – тәжірибелік қызметкерлерді оқу сабақтарына қатыстыру болатын. Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Суйеубаева З.М. «ІІО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» пәнінен ZOOM бағдарламасы бойынша дәріс өткізуде.  Аталған пән бойынша дәріс сабағына ағымдағы жылдың 5 мамырында Қостанай академиясы кәсіби даярлық факультетінің 2 курс курсанттарымен «Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының құқықтық сипаттамасы»  тақырыбында өткен дәріске Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің аға маманы Шериева Мөлдір Талғатқызы қатыстырылды.
Дәріс барысында қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының сипаттамасына, саралануына, сонымен қатар осы бағытта мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына көңіл бөлінді. Мөлдір Талғатқызы Қостанай облысы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың статистикасына көз жүгіртіп, мысалдар келтірді. Курсанттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қылмыстық құқық және жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы
полиция подполковнигі
З. Суйеубаева