Теориядан практикаға

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының «Әлеуметтік жұмыс» және «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқитын КОФ 1-3 курс курсанттарының «ҚАЖ-дағы әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабағына ҚР ІІМ ҚАЖ сотталғандардың  тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы әділет майоры Адембаев Дулат Октябрханович жұмыс сапарымен келді.

Қазіргі ведомстволық білім беру жаңа форматты қажет етеді, осыған орай сабағымыз практикаға бағытталған сипатта өтті.

Қонағымыз курсанттарға бас бостандығынан айыру орындарында әлеуметтік-психологиялық қостаудағы инновацияларды жеткізді. Сонымен қатар жыл сайын елімізде бас бостандығынан айырылған сотталғандардың азайып, пробация қызметкерлері жұмысының  ұлғаюы туралы мәлімдеді.

Кездесу қызық өтті. Курсанттар практикалық қызметкерге сұрақтар қойып, өздерінің ойлары және ұсыныстарымен бөлісті. Осындай практикалық сабақтар ішкі істер органдарының болашақ қызметкерлерінің білімі, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға зор үлесін қосуда.

Практикалық қызметкердің жұмыс сапарының екінші жартысы Академияның профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен өтті. Онда экстремистік және террористік тұрғыдан жасалған қылмыстары үшін сотталғандарды дерадикаландыру саласындағы ҚАЖ қызметінің мәселелерін талқылады.  Ведомствоның теологиялық оңалту жұмысының проблемасы, сондай-ақ ҚАЖ және Қостанай академиясы арасындағы осы бағыттағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері мен перспективалары үлкен қызығушылық тудырды. Кейбір пікірталас сұрақтарын одан әрі пысықтап, жоғары алаңдарда талқылау ұсынылды.

Педагогика және психология кафедрасы
Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы
Психологиялық жұмыс орталығы

От теории к практике

В Костанайскую академию МВД РК имени Шракбека Кабылбаева с рабочим визитом для проведения практического занятия по теме «Организация социально-психологической работы в УИС» с курсантами ФОО 1-3 курсов по специальностям «Педагогика и психология» и «Социальная работа» прибыл главный специалист Управления воспитательной и социально-психологической работы среди осужденных КУИС МВД РК майор юстиции Адембаев Дулат Октябрханович.

Занятие носило практикоориентированный характер, поскольку в настоящее время реформирование ведомственного образования требует изменения формата.

Практический работник довел до курсантов инновации в сфере социально-психологического сопровождения осужденных в местах лишения свободы. Он рассказал, что с каждым годом уменьшается тюремное население и увеличивается нагрузка на сотрудников службы пробации.

Встреча прошла увлекательно, курсанты задавали вопросы, а также делились своими мыслями и предложениями. Такие практические занятия вносят свою лепту в формирование знаний, умений и навыков будущих сотрудников органов внутренних дел.

Вторая половина рабочего визита практического работника прошла с участием профессорско-преподавательского состава Академии, где обсуждались вопросы деятельности КУИС в сфере дерадикализации осужденных за преступления экстремистского и террористического толка. Наибольший интерес вызвала проблема теологической, реабилитационной работы ведомства, а также возможностей и перспектив взаимодействия в данном направлении между КУИС и Костанайской академией. Некоторые дискуссионные вопросы было предложено прорабатывать дальше и обсуждать на более высоких площадках.

Кафедра педагогики и психологии
Кафедра организации социальной работы в ОВД
Центр психологической работы