Театр – ұлттың айнасы

Театр – мәдениет ошағы, мәдениеттің һәм ұйытқысы. Театр адамның жан дүниесіне, сана-сезіміне әсер етіп, рухын оята алатын қасиетке ие. Осы орайда 1- курстың 101 және 108 — оқу топтары куратормен бірге маусым айының 23 жұлдызында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, сейілдеме жасап қайтты. Бұл сейілдеменің мақсаты курсанттарды рухани жағынан дамыту, бүгінгі өскелең жас ұрпақты театр өмірімен таныстыру болды. Курсанттардың театрға деген көз қарасын оң жағына өзгертіп, театрдың өнердің биік бір шыңы екенін көрсете білді.
Онда курсанттар Е. Күншуақовтың «Қызыл алма» комедиясын тамашалады.

Бұл қойылым арқылы олар әлеуметтік желіден немесе теледидардан көргеннен, театрдан шынайы өз көзімен қойылым тамашалау сезімінің қандай болатынын түсінді. Осы бір сейілдеме, осы бір қойылым курсанттардың бір жексенбісінің пайдалы әрі қызықты өтуіне себепші болды.
Жастар жылында курсанттардың мәдениет деңгейін көтеретін осы бір іс- шараға алғысымыз шексіз.

                                                                                                                                          108-оқу тобының кураторы
полиция лейтенанты
С. Ержанова