Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында 2020 жылдың 24 жұлдызында  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 404 оқу тобы полиция подполковнигі А.М. Сагалиеваның жетекшілігімен Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ұжымының кезекті бір қойылымын тамашаладық.  «Дуэль» атты  қойылымның тұсаукесеріне қатысып, көптеген эмоциялық  әсер алып, актёрлердің өнеріне тәнті болдық. Бұл драманың ерекшелігі қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер қазіргі жағдай мен осы бір ғасыр бұрынғы өмір сүру салауатын ұштастырып, оны көрермендердің жүрегіне жеткізе білді. Сахналық көрініс тамашалаған адам ол қойылымның түпкі мағынасын тек жүрекпен сезіне алатынын білуі тиіс.
Қойылым кейіпкерлердің алуан және де қиын тағдыры мен өмір заңдылықтары арқылы бұл әлемде жақсылық пен жамандық, ақ пен қара, былайша айтқанда инь мен янь қатар жүретінін көрсетті.
Қойылым аяқталған соң, көрермендердің ду қол шапалағымен бір толқында Қостанай облыстық мәдениет басқармасының өкілі театр әртістерін жаңа қойылымның тұсаукесерімен құттықтап, қойылым жайлы өз пікірімен бөлісіп, алғысын айтты.

404 топ кураторы  полиция подполковнигі А. Сагалиева
полиция сержанты А.Рахметқали