Тағылымдамашылармен кезекті кездесу

Ішкі істер органдарын жаңғыртуға байланысты ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ішкі істер органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы лауазымдарына бірінші рет қабылданатын үміткерлерді дайындауды жүзеге асырады.
2019 жылдың 9 қарашасында ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Нурушев арнайы бастапқы оқыту курстарының тағылымдамашыларымен кездесті. Кездесуге кафедралардың бастықтары, оқу топтарының кураторлары, оқытушы-әдіскерлер мен курс басшылығы қатысты.
Кездесу барысында әскери-қызметтік тәртіп, оқу процесі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыру, тағылымдамашылардың үлгерімдері, сонымен қатар Қостанай облысы ПД аумақтық органдарында тәжірибеден өту сұрақтары талқыланды.
Кездесу соңында Академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Нурушев тағылымдамашыларға алдағы қорытынды аттестаттауға үлкен назар аударуларын нақтылап тапсырды.

Курс бастығының орынбасары
полиция капитаны
Б. Жандауов