Тартымды және танымды психологиялық сабақ

Қазіргі қоғам ортасында қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде, яғни жұмыс барысында немесе жеке өмірінде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Болып жатқан жағдайды сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.

Адамдармен қарым-қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады десек артық емес. Жұмыс барысында немесе жеке өмірде тиімді қарым-қатынас жасау үшін жағымды эмоция тудыра білу керек.
Осы орайда, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне стресске төзімділікті, халықпен ықпалдасу, тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын, кәсіби деформацияның алдына алудың әдістерін, жағымсыз эмоцияларға берілмеуді және менеджмент пен жобалық басқару құралдарын үйрету мақсатында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біліктілікті арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушыларына психологиялық даярлау бағыты бойынша, КПДжІІОБ кафедрасының оқытушылары Н.Ж.Турсумбаева мен С.Т.Бальшенова онлайн тәжірибелік сабақ өткізді. Тренинг келесі тақырыптардантұрды:

1-тақырып – ІІО қызметкерлердің кәсіби деформацияның алдына алу

2- тақырып – Қарым-қатынас үрдісінде эмоциялармен басқару

3- тақырып –ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі мінез — құлықты басқарудың жолдары мен тәсілдері

Әр тақырып бойынша тиісті жаттығулар өткізілді.Бұл жаттығулар жұмысқа деген құлшынысты арттыруға, өз қарамағындағы қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасай отырып, ұйымшылдықты нығайтуға, түрлі көңіл-күйде кездескен азаматтарға сыпайы қарым-қатынас үлгісін көрсетуге және күйзелістен арылып, серпілуге бағытталған. Сабақ соңында тыңдаушылар тарапынан жылы лебіздер мен алғыс айтылды.

КПДжІІОБ кафедрасының аға оқытушысы,
полиция капитаны
Н.Турсумбаева