Тартымды да қызықты семинар-тренинг…

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының базасында ағымдағы жылдың 2 — 3 қазанында «Жастар және отбасы саясаты салаларын әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі кешенді іс-шаралар» әлеуметтік жобасын жетілдіру мақсатында жаттықтырушы — психолог, «Инфинитти» дамыту орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары Алтай Мұхтарұлы Сиырбаевтың Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы және облыстық Полиция департаментінің ЖПҚ қызметкерлері үшін тренингтер өткізген болатын.
Семинар-тренинг барысында Академияның профессорлық-оқытушылық құрамына және облыстық Полиция департаментінің ЖПҚ қызметкерлеріне «Көпшілік алдында ұтымды сөз сөйлеу», «Отбасылық қарым-қатынас психологиясы» және «Тайм-менеджмент» атты бірнеше тақырыптарда жаттығулар өткізілді.
А.М.Сиырбаев оқу ордамызда өткізген екі күндік  жаттығулары слайдтар көрсетумен, өзара пікір алмасумен және тәжірибелік жаттықтырулар жасаумен өте қызықты да тартымды болды. Сондай-ақ қатысушылар өздерінің кәсіби қызметінде жеке тұлға ретінде қалыптасуды, отбасындағы қырым-қатынасты шешу тәсілдерін, уақытты тиімді пайдалануын, көпшілік алдында ұтымды сөз сөйлеуді меңгеріп, амал – тәсілдері мен дағдыларын үйренді. Тренинг барысында қатысушылар өзін – өзі тани білудің негізгі шарттарымен танысты. Ол өзін – өзі бағалай отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтауға, дамытуға бағыт берді. Әрбір қатысушы өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде, бірлесіп жұмыс жасаудың бағыттарын қарастырды. Екі күнгі тренингтің қалай зымырап өткенін де білмей қалдық.
Тренингтің соңында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммунмкциялар министрлігінің «Инфинитти» дамыту орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары А.М.Сиырбаев семинар-тренингке қатысушылардың барлығына сертификат табыс етті.  Қатысушылар А.М.Сиырбаевқа өздерінің алғыстарын білдіріп, осындай семинар-тренингтердің жиі өткізіліп тұруын айтты.  Естелікке  суретке түсті.

Баспасөз қызметі