Тамаша іс-шара

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттары Қостанай облыстық Ассамблеясының төрағасы А.Мұхамбетовтің, қоғам қайраткерлері мен ғылыми интеллигенцияның қатысуымен Е.Өмірзақов атындағы Қостанай  облыстық филармониясында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойын және 1 наурыз — Алғыс айту күнін мерекелеуге қатысты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйымдастыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуына үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан, әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен сақталатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеті, тілі, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Алғыс айту күнінде республикасымыздағы барлық этнос өкілдері бір-біріне алғысын білдіріп,  бір тудың астында бірлігі жарасқан ел болуды тіледі. Қазақстан Республикасынын Тұңғыш Президенті — Елбасының республикамыздағы барлық этнос өкілдерінің басын қосу мақсатында Ассамблея құрылған еді.  Қазіргі таңда Ассамблеяның қызметі жүзеге асырылып, мақсаттары жүйелі түрде орындалып келе жатқанын қалың ел біледі. Барша қазақстандықтарға Академиямыздың атынан мол бақыт, бірлік пен татулық, қажымас қайрат тілейміз.

3-курс курсанты
полиция кіші сержанты
Г.Максетова