Талантты жастар бақ сынасты

 

Идеологиялық жұмыс бөлімшесі және оқу-саптық бөлінісінің ұйымдастыруымен 21 ақпан күні  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Академияның 50 жылдық мерейтойына арналған көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Мерекелік бағдарламаның басты мақсаты тыңдаушыларды адамгершілік-этикаға тәрбиелеу, Академиямыздың талантты тыңдаушыларын анықтау және де шығармашылық қабілеттерін шыңдау болып табылады.
Байқауға көркем сөз оқу шеберлері, әншілік және бишілік қабілеттері бар, ақындық дарындылыққа ие тыңдаушылар, дәстүрлі ән орындаушылар қатысты.  Көрермендер қатысушылардың дауыстарына тамсанып, өнерлеріне тәнті болды.
Сайыс қорытындысы бойынша 5-ші топ тыңдаушысы Жумаенов Бекзат Гран-при иегері атанды.
1-орын 6-топ тыңдаушысы Курмангалиева Наргизге бұйырса, 2-орынды 10-топ тыңдаушысы Турар Гульмира иеленді. 3-орынды 8-топ тыңдаушысы Ондасинов Ерсайын жеңіп алды.
Жүлделі орындарға ие болған тыңдаушылар Академия бастығының грамотасымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

ИЖБ аға инспекторы
полиция майоры
Ляззат Нуралина