Таза болса табиғат, аман болар Адамзат!

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.А. Абаевтың қатысуымен өткізілген шекара маңындағы өңірлердің артериясын байланыстырушы ретінде Тобыл өзенінің жағалауын тазарту бойынша экологиялық ақциясына Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2 — курс курсанттары қатысты.
Қала тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Қостанай қаласының Тобыл өзенінің маңын қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
Көктем – күн шуағының жер тоңын жібітіп, топырақ бусанып, қоқыстардың қобырайтын кезі. Сондықтан бұл мезгілде атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Табиғатты қастерлеу мен бағалау – сенбілік жұмыстарынан көрінетіні анық. Қалада санитарлық-тазалық айы аясында сенбіліктерді бірнеше мәрте ұйымдастыру жоспарланып, тазалық жайы күн тәртібінің алғашқы мәселесіне айналғаны белгілі.
Аталған акцияға қаланың барлық студенттері мен оқушыларының қатысуымен Тобыл өзенінің жағалауын тазартып, барлық қоқыстарды жинап, алдағы уақытта тазалықты сақтауды міндет тұтамыз. Әрқашан өзімізге өзіміз кішігірім алғыс жариялап қояйық !

полиция қатарындағы
2 курс курсанты
Г. Максетова