Табиғаты таза болашақ

Қазақтың ұлы педагог-ағартушысының 180 жылдығында қаланың көрікті жерлерін назардан тыс қалдыруға болмайды, әсіресе жылдан жылға объект мұқият тазалауды қажет ететіндігін ескеру қажет. Осыны ескере отыра ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3-курс басшылары мен курсанттары Ыбырай Алтынсарин кесенесінің аумағын тазартуға келді. Тырма, сыпырғыш, күрек және қаптарды қолдарына алып, «Жанашыр бол» ҚҚ еріктілерімен бірге нысанның айналасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

-Мұндай сенбіліктерге мен бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Өкінішке қарай, қоқыс аз болмайды: сыра бөтелкелері, түрлі пластикалық ыдыстар. Осы сенбіліктен кейін адамдар қоршаған ортаға және архитектуралық көрікті жерлерге құрметпен қарайды деп сенемін, — деді Қостанай академиясының 3-курс тыңдаушысы Әлихан Есеналин.

Бір сағаттан астам уақыт ішінде курсанттар мен еріктілер он қаптан астам қоқыс жинап үлгерді. Қатты ыстыққа қарамастан, команда үйлесімді, жоғары қарқынмен жұмыс істеді.
Айта кетейік, 2017 жылы Ы. Алтынсарин кесенесі қазіргі заманғы сәулет ескерткіші болып қайта құрылды. Тарихи нысан «Қазақстанның киелі картасына» енді.