«Сынаққа сабырлықпен қара!» атты қайырымдылық-психологиялық тренинг өтті

Әйел адам ықыласпен жан-жағына қараған шақта қолынан келмейтіні жоқ мықты адамға айналады. Енді сіздің сәбиіңіз бар, сондықтан жарқын болашақтарыңыздың жауапкершілігі мойындарыңызда. Сынақтың түр түрі болады. Бүгінгі кез келген әрекет ертеңгі күннің қандай болатынына тікелей әсер етеді деп, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Психологиялық жұмыс орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция майоры А.Досмаилова Қостанай қаласындағы «Аналар үйіне» барып қайырымдылық-психологиялық тренинг өткізді.
Психологиялық тренингтің басты мақсаты өмірді сүю, отбасылық құндылықтарға мән беру, жарқын болашақты құру, шарасыз күйге жеткізген адамдарға кешірімді болу.
Тренинг барысында бұл өмірде  шыныйы жасалған әр жақсылық назардан тыс қалмайтынын және балаларына деген сүйіспеншілік  оларды ересек өмірге беиімдейтіні жайында өз ойларымен бөлісті және алғыстарын білдірді.
Бұл – тек сенің өмірің, сондықтан жан-жағына жаутаңдамай өмір сүр! – дей келе қайырымдылық-психологиялық тренингті тәмамдадым.

ПЖО аға оқытушы-әдіскері
полиция майоры
А. Досмаилова