Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы қалыптастыру 05.11.2019 ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашыларына арналған әскери-қызметтік дайындық жоспарының тармағын орындау мақсатында аптаның әр сейсенбі күні апта ішінде болған сыбайлас жемқорлық бойынша шолу ақпараты беріледі. Арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары еліміздегі бұл дерттің жаппай жою жолын жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек екендігін білуі қажет. Сондықтан тағылымдамашыларға сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғышарттарының бірі болып саналады. Сонымен қатар, Қостанай академиясының базасындағы арнайы бастапқы оқыту курсында білім алып жүрген және болашақта ішкі істер органдарының қызметкерлері атанатын сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. МҚП кафедрасының оқытушысы полиция капитаны А. Бузаканова